Asiamoney қазақстандық қаржы ұйымын үздік деп атады 

Asiamoney халықаралық қаржылық басылымы ForteBank-ті үшінші рет қатарынан үздік банк деп таныды.

Алматы, NEGE. Бұндай марапатты банк 2019 және 2020 жылдары алды. Бұл марапатты жыл сайын беделді қаржы аналитиктері қаржы ұйымдарының қызметін зерттеу және клиенттер мен серіктестерінің пікірлері негізінде береді.

Asiamoney пікірінше ForteBank активтер мен пассивтерді орынды басқару, әртараптандырылған портфель және бизнестің барлық сегментінің жақсы теңдестірілген өсімінің арқасында 2021 жылдың үздік банкі атанды.  

Мараптақа ие болуға қатысты Басқарма Төрағасы Реинис Рубенис пікірін білдірді: «Forte командасының жұмысын Asiamoney жоғары бағалауы біз үшін үлкен мәртебе. Forte командасы мықты, ол бұдан әрі де клиенттеріміз үшін сервистерді жақсартып, кеңейтейтіндігіне сенімдімін».

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен