Ashyq-та «көк» мәртебесі бар қазақстандықтар үшін шектеулер алынды

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ashyq-та «көк» мәртебесі бар қазақстандықтар үшін шектеулерді алып тастау туралы қаулыға қол қойды.

Алматы. NEGE. «Ashyq» жобасы бойынша жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес келушілердің 23%-ға жуығы «көк» мәртебеге ие. Тиісінше, сауда орындарына келушілер саны 20% қысқарды. Сауда орындары мен басқа да нысандарға тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар кіретін.

«Іс жүзінде банкроттық сатысында тұрған саудагерлер мұндай шешімнің салдарларына төтеп бере алмайды», - дейді мамандар.

Жақында бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдауға назар аударуға және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға шақырды.