ASHYQ: 'Қызыл статус' анықталып, оқшаулау режимін бұзған 80 тұрғынның аты-жөні жарияланды

'Қызыл статусы' анықталған 80 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, оның ішінде 2 тұрғын екі рет айыппұл алған, деп хабарлайды Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Алматы, NEGE. COVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, "ASHYQ" бойынша жұмыс істейтін нысандарда-ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай және т.б. нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысты.

"Қызыл статусы" анықталған аталған тұрғындар "ASHYQ"жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмеді. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын тұрғындар банктер, университеттер, сауда, мейрамханалар, білім беру ұйымдары, байланыс, зейнетақы қоры және басқа да нысандардың қызметкерлері.

Сондықтан амбулаториялық емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармаулары тиіс.

Сонымен қатар, «ASHYQ» жобасының қатысушыларына Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық келушілерді сканерлеу қажеттілігін ескертті.

Алматы қаласының аудандары бойынша "қызыл статусы" бар , 14 күндік үй карантинін бұзып және 30 АЕК мөлшерінде айыппұлға  тартылған тұрғындар тізімі.