Ashyq: «Қызыл» мәртебесі бар азаматқа 80 мың теңге айыппұл салынды

Степногор қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына бармақ болған ASHYQ қосымшасында «қызыл» мәртебесі бар азамат анықталды.

Алматы, NEGE. «Азамат карантинді сақтап, 2 апта үйде болуы керек, бірақ оның орнына ол басқаларға коронавирус жұқтыру қаупін тудыратын қоғамдық орынға барды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары тәртіп бұзушыға әкімшілік айыппұл салды. ҚР ӘҚБтК-нің 452-бабына сәйкес оның мөлшері 87 510 теңгені құрайды», - дейді Ақмола облыстық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаменің баспасөз қызметіндегілер. Айта кетсек, құқық бұзушы 7 күн ішінде өзіне салынған айыппұлының жартысын төлеуге мүмкіндігі бар. ASHYQ ақпараттық платформасының арқасында Ақмола облысында 17 сәуір мен 18 маусым аралығында өзін - өзі оқшаулау режимін бұзудың 93 жағдайы тіркелді, оның ішінде 32 жағдай «қызыл», 61 жағдай «сары».

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды