Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және премьер-министр Олжас Бектенов Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Астана, NEGE. Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жеңіс күні бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ұрпақтар сабақтастығы мен татулықты және ел тыныштығын сақтау жауапкершілігін жадымызда жаңғыртатын тарихтағы ең атаулы күндердің бірі болып қала береді, деп атап өтті Үкіметтің баспасөз қызметі.