20 июля 2021 г. 10:44

Ашынған әйелдер шенеунікті сабап тастады

Фото:

19 шілде күні Денсаулық сақтау министрлігінің алдына бір топ әйел жиналды. Олар коронавирусқа қарсы екпеге қарсы талабын жеткізген. 

Алматы, NEGE. Министрлік өкілдерінің сөзінше, ведомствоның қоғамдық қабылдау бөлімінің қызметкері шабуылдан зардап шеккен. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарасақ, әйелдердің Байтанаевқа қол көтеріп, ұрып жатқаны, балағат сөз айтқаны байқалады.

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің өкілі Ержан Байтанаев әйелдерді сабырға шақырып, мәселенің мән-жайын білмекке шыққан. Бірақ оның сөзіне ешкім құлақ аспаған көрінеді. Министрлік бұған дейін Pfizer екпесін балаларға салу жайлы айтқан еді. Себебі, бұл екпені АҚШ, Израиль балаларға да егіп жатыр.

Әйелдердің шенеунікті төмпештеп жатқан видеосы желіні шарлап кеткесін, Байтанаев Facebook парақшасында арнайы жазба жариялады. Ол жағдайды «арсыздық және агрессия» деп, шабуыл кезінде министрлікте жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі әйел қызметкердің зардап шеккенін жазды. 

«Мүгедектердің құқығын қорғап жүрген адамдардың өзі қорғансыз адамға қол көтеріп, зардап шектірсе, екі жүзділік емес пе?» деді Байтанаев.

"Іште қызмет істейтін әріптестеріміз зардап шекті. Біз күштік құралдарды қолдана алмаймыз. Ашық сөйлесу үшін шықтық. Жартысы тыңдады, жартысы өз ойында қалды. Меніңше, олар бұрыннан ызалы. Әлеуметтік, отбасылық, тұрмыстық мәселелері бар сияқты. Азаматтарды түсініп, олармен сөйлесуге тырысамыз, бірақ реакция кейде шектен шығып кетеді" деді ол.

Тегтер: