«Әшімбаев – спикер, Абаев – бірінші орынбасар, Балаева – министр»
Nege.kz редакциясына хабарласқан тұрақты оқырманымыз соңғы ауыс-түйістерге қатысты осындай мәлімет айтты.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Сенімді ақпарат көзінен жеткен мәліметке қарағанда, Мәулен Әшімбаев Сенат спикері болады. Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып Дәурен Абаев тағайындалып қойды. Сондықтан ақпарат көзіне сенбеске лаж жоқ. «Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып Президенттің көмекшісі Аида Балаева тағайындалады», – дейді оқырманымыз.