10 октября 2024 г. 11:42

Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы, NEGE. Ашхабад әуежайында Түрікменстанға ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды. 

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады.