Асхат Аймағамбетов, Ринат Зайытов, Есен Елеукен: «AMANAT» партиясы Мәжіліс сайлауына кандидаттарын ұсынды

«AMANAT» партиясы Мәжіліс сайлауына 119 кандидат ұсынды, деп хабарлады партия төрағасы Ерлан Қошанов.

Алматы, NEGE. «AMANAT» партиясы Мәжіліс сайлауына түсетін кандидаттардың тізімін бекітті. Олардың арасында экс-министр Асхат Аймағамбетов, айтыскер ақын Ринат Зайытов, журналист Нартай Аралбайұлы, «Қазақстан КВН Одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен бар. 

«AMANAT»-тың партиялық тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттадың аты-жөндері жарияланды. AMANAT партиясынан бірмандатты округтер бойынша ұсынылатын кандидаттардың да тізімі белгілі болды. 

«AMANAT» партиясы барлық деңгейдегі мәслихаттарға 3821, Мәжіліске 119 кандидат ұсынды. Еліміздің барлық өкілді органына ұсынылатын «AMANAT» партиялық құрамасы 75%-ға жаңарды. Олар – Президент реформалары мен партия бағытын жүзеге асыруға қабілетті жарқын көшбасшылардың жаңа тобы. Бұл құрамда барлық өңірдің, барлық саланың өкілдері бар. Нағыз мемлекетшіл, патриот азаматтар. Біздің үміткерлер партияны әділ де таза жеңіске бастайды деп кәміл сенемін. Өйткені, олардың артында өздеріңіздей адал партияластар мен қалың орман халқымыз бар», - деді Ерлан Қошанов.

Съезд делегаттары тізімге енген кандидаттарды мақұлдау туралы бірауыздан шешім шығарды.