Асхат Аймағамбетов оқшауланды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирус бойынша тест өткізді. Қазір министр оқшауланып жатыр.
Алматы, NEGE. «Білім және ғылым министрі COVID-19 бойынша тесттен өтті. Одан КВИ анықталған жоқ. Асхат Қанатұлының жағдайы жақсы. Әйтсе де бекітілген регламентке сәйкес ол оқшауланып, қашықтан жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен. Жуық арада министр қайтадан анализден өтеді. БҒМ баспасөз қызметі министрдің бекітілген регламент бойынша тесттен өтетінін хабарлайды. Себебі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік органдардың өзге өкілдерімен, оның ішінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен жұмыс барысында жақын қашықтықта болған.