Асхат Аймағамбетов КАЗГЮУ университетіне оқытушы болды

Асхат Аймағамбетов М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетіне оқытушы болып орналасты.

Алматы, NEGE. Бүгіннен бастап ол дәріс оқиды.

Университет бұрынғы білім министрінің олардың ұсынысын неліктен қабылдағанын түсіндірді.

"Асхат Аймағамбетов өз тәжірибесі мен білімін студенттермен бөлісу мақсатында ұсынысымызды қабылдады. Оның келуі студенттердің білім сапасын да, тұлғалық дамуын да арттыратынына сенімдіміз", - деді М.С Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетітіндегілер.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, оның түрлі ұсыныстары мен тиісті жоспарлары бар.

"Мен бұл туралы жақын арада айтамын. Бірақ ұстаздық жұмысты кез келген жұмыспен біріктіруге болады, сондықтан мен онымен қатар оқу-тәрбие жұмысын жалғастырамын", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты