Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады.

Алматы, NEGE. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі кезде вакцина салғандардың 17 пайызы мұғалімдер. Ведомство бізге тиісті ақпаратты беріп отыр. Жалпы, мұғалімдер вакцинаны өз еркімен алды, ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ министр ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде әріптестерімді өз еркімен вакцинаны салдыруға, ғылымға сенуіне шақырамын», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, бұл қадамдар мұғалімнің өзінің қауіпсіздігіне, мектепте оқып жатқан балалардың, ұжым мен отбасының қауіпсіздігіне арналып отыр.

«Сондықтан біздің сарапшыларға сеніп, вакцинаны дер кезінде салдырып, тиісті жағдай жасайды деп үміттенемін», - деді А. Аймағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?