Aсханадa 22 адам тамақтан уланды

Бішкектегі Московская көшесі, 136 мекенжайында орналасқан «№1 асхана» кафесінде жаппай тамақтан улану оқиғасы тіркелді.

Алматы, NEGE. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, улану салдарынан 22 адам ауруханаларға, оның ішінде 9 адам Токмок ауруханасына және 13 науқас Шу Біріккен ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық. Науқастардан сұрастыру барысында олардың барлығы 25-26 мамырда осы тамақтану орнында бризоль жегені белгілі болды.

Оқиға орнына мамандар барып, сынамалар алынды, қоздырғышты анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, кафеге 15 мың сом айыппұл салынып, болған жағдайдың барлық себеп-салдары анықталғанға дейін жабылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен