Әсем Орынбай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті.

Алматы, NEGE. Стенд атудың скит бағдарламасында отандасымыз Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді.

Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті.

Тағы бір Ұлттық құрама мергені Ольга Панарина ақтық сында 4-орын алды (34 ұпай).

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр