1 февраля 2020 г. 10:30
Әсел Сәдуақасованың суреті ел назарында
Алматыдағы кинотеатрлардың біріне актриса, продюсер Әсел Садуақасованың суреті ілінген жұлдызды қабырға орнатылды.
Алматы, NEGE. «Дауыс International» тобында өнер көрсетіп, бірнеше жылдан кейін кинопродюсерлікке бет бұрған Сәдуақасованың еңбегі еленді. Жыл сайын Кинопарк компаниясының таңдаулыларға көрсететін құрметі осы жолы Әселге бұйырды. Кинотеатрдың іргесіне әртістің суреттері ілініп, қол таңбасы бейнеленген жұлдызды қабырға орнатылды. Қазақ киноиндустриясын дамытуға үлесін қосып жүрген актриса көрсетілген құрметке шексіз алғысын білдірді.