Әсел Айтбаеваны зорлады деген күдікті өлі табылды
26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваны зорлады деп айыпталған Бесик Тордуа клиникада қайтыс болды.
Алматы, NEGE. Оның адвокаты Лаша Шукакидзе бұл ақпаратты растады және оның клиенті бір апта бұрын пенитенциарлық мекемеден ауруханаға жатқызылғанын айтты.
Қорғаушысы айыпталушымен кездескісі келгенде, оған Тордуа ес-түссіз күйде екенін айтқан.
"Дәрігерлер Тордуаның басынан қан аққанын айтты", - деді айыпталушының адвокаты.
Ер адамның өлімнің нақты себебі әлі белгісіз.