Аса қымбатқа түскен «Пикассо»

Пикассоның туындысын шетелге апарып, бәссаудада сатпақ болған коллекционер 18 айға сотталып, оған 58 млн доллар айыппұл салынды.

Алматы, NEGE. 2015 жылы ұлттық мұра деп танылған Пикассоның «Жас әйелдің басы» деген картинасы Хайме Ботин дейтін испандық миллиардердің кемесінен табылды. Испанияның Сантандер банкісінің негізін қалаушының немересі Ботин бұл картинаны 1977 жылы Лондонда 26 млн долларға сатып алған екен.

«Халықаралық заң бойынша 100 жылдан асқан және ұлт мәдениетіне тікелей қатысы бар кез-келген өнер туындысы Ұлттық мұраға жатады. Ондай жәдігерді өзге елге алып шығу үшін міндетті түрде мемлекеттік органдардан рұқсат сұралу керек», – дейді испандық маман.

Енді бұл картина Мадридтегі София ханшайым атындағы музейдің меншігі болады.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды