Аса ірі көлемдегі есірткі заты тәркіленді

Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының 46 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  – Құқық бұзушы аса ірі көлемде, яғни жалпы салмағы 17 келіден аса “кептірілген марихуана” есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін күдікті болып табылды, – дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Алибаев.

Тергеу соты оған қатысты “қамауға алу” шарасын санкциялаған. Тергеу жалғасып жатыр.

– Көлік полицейлері ағымдағы жылдың басынан бері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 197 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 17-сі өткізу, 10-ы сақтау және төртеуі есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 59 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, – деді полицей.
 

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді