Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген адам Грузияда ұсталды

Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2022 жылы күдікті танысын алдап, шамамен 13 миллион теңгеге автонесие рәсімдеуге көндірген. Қаражатты алғаннан кейін ол автокөлік сатып алып, өз міндеттемелерін орындамай, жасырынған.

ІІМ «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды