Арзан вакцина сатамыз деген алаяқтар көбейді

АҚШ-тың бірнеше штатында «ковид індетіне қарсы вакцинаны төмен бағаға алуға көмектесеміз» деп, халықты алдап келген алаяқтар саны арт

қан, - деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE. Жалған ақпарат таратып, халықтан заңсыз жолмен ақша тауып келген 80 мыңнан астам домен блокталды. Оларға түскен пайда шамамен 33 млн долларды құрайды деп мәлімдеді АҚШ-тың Ұлттық Қауіпсіздік саласының мамандары. Айтуларынша, АҚШ-тағы Пфайзер, Байонтек немесе Джонсон анд Джонсон компаниялары вакцина салдыру үшін қаражат сұрауға хақысы жоқ.

Келли Гриз, сарапшы:

 - Егер коронавируске қарсы вакцина алғыңыз келсе, ресми компаниялардың өкілдеріне хабарласуыңыз керек. Қазір интернет желіліерінде аты-жөніңізді, туған жылыңызды, туып өскен еліңізді сұрайтын пысықтар толып жүр. Адамның жеке басына қатысты ақпараты сұрап алып, ковид екпесін тез арада салдыруды ұсынатын алаяқтар көбейді. Артынша төлем талап етеді. Олардың есеп-шотына ақша аудармаңыз. Алданасыз. Екпені кезектен тыс алуға көмектесеміз десе де абай болыңыз. Олар да алдаушылар.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті