8 сентября 2025 г. 2:12

Аружан Сағындықова Қытайдағы жарыста чемпион атанды

Фото: Бақ.кз
Қазақстандық теннисші, әлемнің 958-ракеткасы, 20 жастағы Аружан Сағындықова Луань (Қытай) ITF W15 турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы финалда әлемнің 797-шы, осы жарыстың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де Сағындықова дүниежүзілік рейтингіде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласының мысын басты – 6:3.

Осылайша, екі партияда қарсыласын сан соқтырған қазақстандық теннисші чемпиондық тұғырға көтерілді.

Бұл жеңісінен кейін Аружан алдағы дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингісінде4 жоғары көтерілері анық.