Артур Платонов Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы болып сайланды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы болып Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті, тележүргізуші, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов тағайындалды.

Алматы, NEGE. "Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Артур Станиславович қоғамдық және партиялық жұмысының үлкен тәжірибесі комитет қызметін күшейтуге ықпал ететініне сенімдімін", - деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында.

Артур Платонов 2016 жылғы наурызынан бастап Мәжіліс депутаты болып қызмет атқарған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Сондай-ақ, тележүргізуші "Портрет недели" бағдарламасының авторы ретінде танымал.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді