Әртістік жүзуден әлем кубогінің финалында Қазақстан күміс жүлде иеленді

Әртістік жүзуден Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің финалында Қазақстан қоржыны күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Аралас жұптық сында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы күміс медаль еншіледі. Олар 139.7150 ұпай жинаған.

Алтын медаль Испания, қола жүлде Италия спортшыларына бұйырды.

Айта кетелік, Ким мен Болатова жұбы биылғы маусымдағы кубоктік кезеңдерде бірнеше рет жүлдеге ілігіп, әлем чемпионатында топ жарған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді