Әртістік жүзу: Қазақстан Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден тағы екі медаль жеңіп алды.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Жекелей сайыста (еркін бағдарлама) қазақстандықтар екі рет тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Карина Магрупова мен Виктор Друзин жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ қазақстандықтар аралас жұптар арасындағы (еркін бағдарлама) сайыста да көзге түсті. Наргиз Болатова мен Виктор Друзин қола жүлдеге ие болды.

Қазір оқып жатыр

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды