Әртістерге сахнаға мас күйінде шығуға ресми түрде тыйым салынды

Сахна саңлақтарына қойылатын талаптар күшейді.

Алматы, NEGE. Ел алдында ішімдік ішіп, бейпіл әдетке салынуға тағы болмайды. Әйтпесе ірі көлемде айыппұл салуға міндеттеледі. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен отырыста ҚР мәдениет саласына қатысты кей заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қабылданды. Бұдан бөлек зорлық-зомбылықты, діни және ұлт алауыздығын насихаттайтын теріс пиғылдағы контент үшін артистер мен концерт пен өзге де шара ұйымдастырушыларын да жауапкершілікке тарту көзделіп отыр. Сонымен қатар кітапхана, баспа ісі мен музей және көркемдік кеңестердің жұмысы да өзгеретін болады. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырған жобаның тағы бір жаңалығы - әдебиет авторларының ақысын арттыру.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған