Артем Захаров қола жүлдеге ие болды

Жаңа Зеландияда трек велоспортынан Әлем кубогы басталды, онда Қазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетті.

Алматы, NEGE. Қазақстандық Артем Захаров тректегі велоспорттан Әлем Кубогы кезеңінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

«Жаңа Зеландияда тректегі велоспорт бойынша Әлем Кубогының кезеңі өтуде. Кезекті жарыс күнінде Қазақстандық велошабандоз жеңіс тұғырына көтерілді. Біздің команда көшбасшыларының бірі Артем Захаров топ жарды. Ол омниум сайысының қорытындысы бойынша үшінші орынға табан тіреп, жоғары рейтинг ұпайларына ие болды», – делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, жиналған сома лицензия бөлу кезінде шабандоздарға беріледі. Финишке бірінші болып Стюарт Кэмбелл жетсе, екінші орынды Австралиялық Кэмерон Майермен иеленді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты