Арсен Томский Михаил Шайдоровтың әкесіне уәде еткен көлігін табыстады

ІnDrive компаниясының басшысы Арсен Томский Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа уәде еткен көлігін табыстады.

instagram.com/arsentomsky

Алматы, NEGE. Кәсіпкер бұған дейін әлеуметтік желіде Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне автокөлік сыйлайтынын мәлімдеген болатын.

Арсен Томский чемпионның әкесіне Audi Q8 көлігін мінгізді.

«Бір кездері Станислав Александрович ұлын қолдау үшін өз көлігін сатып жіберген еді. Бұл оқиға маған ерекше жақын. Мен де қиын кезеңде командама жалақы төлеу үшін және қаржы жетіспеген кезде екі рет көлігімді саттым. Якутия құрамасын киберспорт чемпионатына жіберу үшін де осындай қадамға бардым», – деді Томский.

Фото: instagram.com/arsentomsky

Көлікті табыстау рәсімінде Станислав Шайдоров көз жасына ерік берді.

«Әрбір чемпионның артында бір кезде: «Мен саған сенемін» деген адам тұрады. Ұлы жеңістер әрдайым сенімнен басталады», – деп жазды Арсен Томский.

Сонымен қатар, ол Шайдоровтар отбасына және бүкіл Қазақстан халқына жаңа жеңіс пен қуанышқа, мақтанышқа толы сәттер тіледі.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр