«АрселорМиттал Теміртау» меншік иесінің ауысуы жұмысшылар алдындағы міндеттемелерге әсер етпейді

«АрселорМиттал Теміртау» ​меншік иесінің ауысуы қызметкерлер алдындағы міндеттемелерге еш әсер етпейді.

Алматы, NEGE. Төлем шарттары, әлеуметтік кепілдіктер сақталады. Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттыруға назар аударылады. Бұл туралы Вадим Басин мәлімдеді. 

«Кеше Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туыстарымен кездесуде компанияның проблемалық активтеріне қатысты инвестормен қарым-қатынас тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл ретте бір жайт ерекше атап өтілді, және де компанияның бүкіл ұжымына бірден айта кетілгені: жұмыс шарттарында, төлемдерде, әлеуметтік кепілдіктерде ешқандай өзгерістер болмайды. Оларды жақсарту тұрғысынан ғана қайта қаралатын жағдайлар қалады. Бұл компанияның әрі қарай жұмыс істеуі және әлеуметтік жауапты болуы үшін қажетті шарт. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, ұжымның бірде-бір мүшесінің құқығы төмендетілмейді», – В.Басин. 
    Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттырумен және негізгі қорларды жаңартумен айналысады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады