«АрселорМиттал Теміртау» заңгерін өлтірген күдіктіге іздеу жарияланды
Облыстық полиция департаменті заңгер Ирина Эмның өліміне қатысты түсініктеме берді.
Алматы, NEGE. «Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір оқиғаның мән-жайы мен кінәлі тұлғаны анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген хабарламада.