6 августа 2023 г. 17:20
АрселорМиттал Теміртау шахтасында кеншіні үйінді басып қалды
АрселорМиттал Теміртау шахтасында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде бір жұмысшы тау-кен үйіндісінің астында қалып қойды, деп
жазды "Вечерняя Караганда" басылымы.
Алматы, NEGE. Компанияның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, кенжардың үстіңгі жағынан тау-кен үйіндісі опырылып түскен. Бір кенші жарақат алды.
" УПР-1 учаскесінің жұмысшылары кеншіге алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін оны шахтадан жердің бетіне шығарып, жедел жәрдем мамандарына тапсырды. Жарақат алған жұмысшы Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды", - дейді компания мамандары.
Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның төс сүйегі сынған.