Арнайы операция барысында ақмолалық тұрғыннан аса ірі көлемде гашиш табылды
Арнайы операция барысында ақмолалық тұрғыннан аса ірі көлемде гашиш табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Ақмола облысының есірткіге қарсы полиция қызметкерлері “Қарасора – 2023” және “Канал – 2023” жедел профилактикалық іс-шаралары аясында есірткі затын ұстау және алып қою бойынша арнайы операция жүргізді.
Арнайы бөлімшелердің күштерін тарта отырып, есірткі тасымалдаушыны Астана – Петропавл трассасының төлем терминалында ұстады. 28 жастағы Бурабай ауылының тұрғыны басқарған Lada Granta көлігін тінту кезінде құқық қорғау органдары жалпы салмағы 2 келі болатын гашиш есірткі заты салынған 2 полиэтилен пакетін тапты.
Алғашқы тергеу әрекеттері кезінде тасымалдаушы есірткіні елордалық аудандардың бірінде сатып алғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде құқық қорғау органдары Ақмола өңірінің аумағына гашиштің түсу арнасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Тергеу кезеңінде есірткіні сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.