Арменияның жаңа президенті қызметіне кірісті

Армения президенті Ваагн Хачатрян ант қабылдап, қызметіне кірісті.

Алматы, NEGE. Ол 3 наурызда дауыс берудің екінші кезеңінің нәтижесі бойынша мемлекет басшысы болып сайланған. Бұған дейін саясаткер жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі қызметін атқарған еді. Бұрынғы президент Армен Саркисян биыл қаңтардың аяғында отставкаға кететінін жария еткен. Ол тиісті шешімді ереуілшілердің қысымына қатысты қабылдағанын түсіндірді. Айта кеткен жөн, Армения – парламенттік мемлекет. Президентті парламент депутаттары сайлайды.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр