Арменияда президент сайлауы наурызда өтеді

Арменияда көктемде жаңа президент сайланады.

Алматы, NEGE. Арменияның жаңа президенті қашан сайланатыны белгілі болды. Ел парламентінің 65 депутаты бұл қызметке жоғары технологиялық индустрия министрі Ваагн Хачатурянды ұсынды. Бұл туралы премьер-министр Никол Пашинян үкімет отырысында мәлімдеді. Еске сала кетейік,

23 қаңтарда Армения президенті Армен Саркисян отставкаға кететінін мәлімдеген еді. Негізгі себеп ретінде ол мемлекет басшысына сыртқы және ішкі саясаттың түбегейлі процестеріне әсер етуге мүмкіндік беретін тиісті өкілеттіктердің жоқтығын атап өткен болатын. Ал қазір президенттің міндетін уақытша Парламент спикері Ален Симонян атқаруда. Айта кетейік, Армения президентін Парламент жеті жыл мерзімге сайлайды. Сайлау республика президентiнiң бос лауазымы ашылғаннан кейiн 25 күннен ерте емес және 35 күннен кешiктiрiлмей өткiзiледі. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр