Арменияда халық Үкімет үйінің алдына наразылыққа шықты

Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинян соғысты тоқтату туралы құжатқа қол қойғанын жариялағаннан кейін Армения үкіметі ғимаратының алдына халық жиналды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы АРМЕНПРЕСС агентігіне сілтеме жасап хабарлайды. Республика алаңында сигнал берген көліктер өтіп жатыр. Үкімет ғимаратының алдындағы жағдай ушығып тұр. Үкімет ғимаратына ондаған адам басып кірді. Полиция қызметкерлері адамдарды ғимараттан шығуға көндіруде.

Премьер-Министр қабылданған шешім оған тым қиын болғанын, бұл шешім әскери жағдайды терең талдау нәтижесінде, жағдайды жақсы білетін адамдарды бағалау нәтижесінде қабылданғанын атап өтті. Үкімет үйі алдына жиналған адамдар Армения, Ресей және Әзербайжан басшыларының мәлімдемесінің мәтіні әлі жарияланбағанына қарамастан, шешіммен келіспейтінін білдіруде.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған