Арменияда COVID-19 жұқтырған премьер-министр қандай мәлімдеме жасады?

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян елдегі коронавирус бойынша жағдайдың өте қиын екенін айтты. Оның айтуынша, Армения "тозаққа бара жатқандай", - деп жазады Sputnik-Армения.

"Бүгін біз елде толықтай карантин енгізу туралы шешім қабылдауға жақын қалдық. Елде пандемияға қарсы қозғалыс басталуы керек және оған барлығымыз атсалысуымыз қажет", - деді Никол Пашинян.

Таяуда өзі де коронавирус жұқтырған Пашинян халықты "коронавирус жоқ", "маска тағудың қажеті жоқ", "үкіметтегілер науқастардың саны әдейі көбейтіп жатыр" деген қауесеттерге сенбеуге шақырды.

Премьер-министр барлық күшті вируспен күресуге жұмсау керегін айтты.

Басылымның мәліметінше, соңғы тәулікте Арменияа коронавирус жұқтырған тағы 547адам тіркелген, осылайша елде науқастардың саны 12 364-ке жетті.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?