Арменияда іздеуде жүрген ер адам Астанада ұсталды

Арменияда іздеуде жүрген ер адам Астанада ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. «Қылмысқа тосқауыл» жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Астана қаласы криминалдық полиция қызметкерлері Армения Республикасында іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамды ұстады. Жеке басын анықтау және қосымша тексеру жүргізу үшін аталған азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Тексеру барысында оның 2023 жылдың мамыр айынан бері іздеуде жүргені анықталды. Ол – жүргізуші куәлігі жоқ және көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Іздестіруді бастаған тарапқа ер адамның ұсталғаны туралы хабарланды. Криминалдық полиция органдарының қылмыскерлерді іздестіру бағытындағы жұмысы үздіксіз жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды