Армения наурызда жарияланған төтенше жағдайды ұзартты

Арменияда коронавирусқа байланысты наурызда жарияланған төтенше жағдай тәртібі тағы бір айға, яғни 11 қыркүйекке дейін ұзартылды. Тиісті шешім үкіметтің кезектен тыс отырысында қабылданған.

Алматы, NEGE. Билік жаңа деректер саны азайғанымен, өлім-жітім әлі көп екенін айтады. Дегенмен, кейбір шектеу шаралары жеңілдетілетін болды. Мәселен, кісі көп жиылатын шаралар өткізуге рұқсат беріледі. Бірақ қатысушылардың барлығы маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Отбасылық шараларды ұйымдастыруға да рұқсат. Тек адам саны 40-тан аспауы шарт. Сондай-ақ елге өзге мемлекет азаматтарының кіруіне қатысты шектеулер де алынып тасталады. Жалпы Арменияда коронавирусты жұқтыру дерегі 41 мыңға жуықтады. Оның 800-ден астамы індеттен көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр