Армения мен Әзербайжан шекарасында атыс болды
News.am басылымының жазуынша, Армения мен Әзербайжан шекарасында атыс болған. Атыс 11 қаңтар күні Тавуш облысында болды.
Алматы, NEGE. Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери күшін айыптады. «Әрі қарайғы әрекет пен барлық жауапкершілік әзербайжандық тарапқа байланысты», – деді Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Арцрун Ованнисян.
Haqqin.az басылымының жазуынша, Тавуш облысы Әзербайжанның Газах облысымен шекараласады. Ресми Баку соңғы күндері армяндық әскери күшінің снайперлік қарумен оқ атқанын мәлім етті.
Бұл Армения мен Әзербайжан арасындағы бітіспес даудың әсері дейді сарапшылар. Әзербайжан талай мәрте Таулы Қарабақты күшпен тартып алғысы келді. Алайда, 1994 жылы екі мемлекет те өзара ымыраға келу туралы хаттамаға қол қойған. Соған қарамастан екі ел шекарасында осындай әрекеттер жиі тіркелетіні белгілі. Ең қауіпті атыс 2016 жылы болып, екі тараптан жүздеген сарбаз қаза тапты.