Армения мен Әзербайжан әуе қатынасы 30 жылдан кейін қайта жанданды

Армения мен Әзербайжан үш онжылдықтан соң бір-бірінің әуе кеңістігін пайдалана бастады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл қадам екі ел арасындағы Нагорный Қарабаққа байланысты ұзаққа созылған қақтығыстан кейін жасалды.

Армения үкіметінің ресми өкілі Назели Багдасарянның мәліметінше, 31 тамызға қараған түні премьер-министр Никол Пашинян шетелге ұшқанда және кері қайтқанда Әзербайжан әуе кеңістігін пайдаланған.

«Біз бұл оқиғаны өңірдегі коммуникацияларды ашуға, бейбіт күн тәртібін ілгерілетуге және өзара сенім атмосферасын қалыптастыруға жасалған нақты қадам деп санаймыз», – деді Армения премьерінің баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар ол Әзербайжан әуе компаниялары ұзақ уақыттан бері Армения аумағы арқылы Нахичеваньға ұшып жүргенін атап өтті.

Армяндық БАҚ-тың дерегінше, армян авиакомпаниялары Әзербайжан әуе кеңістігін бір апта бұрын пайдалана бастаған; «Әзербайжан әуе желілері» де Армения арқылы рейстер орындайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды