25 ноября 2025 г. 12:20

Армения Бішкектегі ҰҚШҰ саммитіне қатысудан бас тартты

Фото: verelq.am

Армения 27 қарашада Бішкекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитіне қатыспайды. Бұл туралы Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков айтты, деп жазады ТАСС агенттігі.  

Астана, NEGE. Саммитке Ресей, Беларусь, Қазақстан және Тәжікстан президенттері, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қазіргі төрағасы Садыр Жапаров қатысады.

2023 жылғы қаңтарда Армения өз территориясында ҰҚШҰ жаттығуларын өткізбеуге шешім қабылдап, оны «мақсатқа сай емес» деп санады. 2024 жылғы ақпанда Армения премьер‑министрі Никол Пашинян мемлекет «ҰҚШҰ-ға қатысуды тоқтатқанын» мәлімдеді. Пашинянның айтуынша, бұл шешімге ұйымның Арменияға қатысты қауіпсіздік міндеттемелерін орындамауы себеп болған. 

2024 жылғы мамырда Армения ұйым бағдарламаларын қаржыландырудан бас тартты. ТАСС агенттігіне берген мәлімдемесінде ҰҚШҰ өкілі ұйым Арменияның қаржыландыруды тоқтату шешімінен хабардар екенін, бірақ Ереван әлі де ұйымның мүшесі болып қала беретінін атап өтті.

2024 жылғы маусымда Пашинян ұйымнан шығуға ниет білдіргенін жариялады.