Арман Тұрлыбек қызметінен кетті

Арман Тұрлыбек Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің су ресурстары комитетінің басшысы қызметінен кетті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Арман Алашұлы Тұрлыбек берген өтінішіне сәйкес ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, Тұрлыбек 2019 жылдың маусымынан бастап су ресурстары комитетінің басшысы болып тағайындалған еді.