Арман Шораевқа кімдер кепіл болды?
Қоғам белсендісі Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы адвокат Джохар Өтебеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «ІІМ тергеушісі Арман Шораевқа қатысты қылмыстық істі қылмыс құрамы жоқ болғандықтан қысқартты» дейді адвокат.
Алматы, NEGE. Өтебековтің жазуынша, «көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату бойынша қозғалған қылмыстық істе қылмыс құрамы жоқ».
«Біз Арманның жеке кепілдеріне және ашық қолдау білдірген барлық азаматтарға алғыс айтамыз. Саяси көзқарастары қайшы болғанына қарамастан, қолдағандарға ерекше алғыс. Енді ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша айыпталғандардың бәріне қатысты іс тоқтатылады деп үміттенеміз», – деп жазды Джохар Өтебеков.
Адвокаттың сөзінен түсінгеніміз, Арман Шораевқа әлдебір азаматтар кепіл болғанға ұқсайды. Өйткені бұған дейін А.Шораев «тексерілмеген ақпаратты жариялағаны үшін» кешірім сұраған болатын. Қоғам белсендісіне кепіл болған кімдер?