Арман Қырықбаев жаңа қызметке тағайындалды

Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Алматы, NEGE. "Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев Nur Otan-ның Хатшысы болып тағайындалды. Оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы мол жұмыс тәжірибесі алдағы міндеттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенімдімін", – деп жазды партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі парақшасында. 

Арман Қырықбаев – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, СІМ Дипломатиялық академиясының түлегі. Әр жылдары Nur Otan партиясында, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді. Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры, Мәдениет комитетінің төрағасы, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Казахфильм" АҚ, Nur Media республикалық басылымдарының Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2015-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары, онда ішкі саясат, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне жетекшілік етті.

Партия хатшысы ретінде Арман Қырықбаев қоғамдық-саяси бағытқа, Қоғамдық саясат институтына, "Жас Отан" ЖҚ, сараптамалық қауымдастықпен өзара іс-қимылға және т.б. жетекшілік ететін болады.

Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары партияда, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жұмыс істеу тәжірибесі оған қойылған барлық міндеттерді табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы