Арман Әшімов қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Арман Әшімов жалаң жұдырықпен өткізген алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады.

Алматы, NEGE. Бұрынғы M-1 чемпионы Киев қаласындағы Mahatch FC турнирінде жалаң жұдырықпен өтетін жекпе-жекке алғаш рет қатысты. Қарсыласы бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионатына және Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Беляк болды.

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Әшімов бір соққымен қарсыласын нокаутқа жіберді.