Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Журналист және қоғам белсендісі Арман Шораев әлеуметтік желідегі балағат сөзі үшін әкімшілік қамауға алынды.

facebook/Арман Шораев

Астана, NEGE. Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында балағат сөздер жазылған жарияланымды анықтаған.

«Осы факт бойынша сот қаулысымен азаматқа (Арман Шораевқа – ред.) 20 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды», – делінген ведомство хабарламасында.

Полиция әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контент жариялағаны үшін заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.