Арқалықта мектептің шатыры өртенді

Қостанай облысы Арқалық қаласында №5 орта мектептің шатырынан өрт шықты.

ТЖМ

Астана, NEGE. Төтенше жағдай туралы хабар түскеннен кейін алғашқы өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына үш минут ішінде жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, төрт қабатты мектеп ғимаратының шамамен 1100 шаршы метр аумақтағы шатыры жанып жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Суды үздіксіз жеткізу үшін мектептен 300 метр қашықтықта орналасқан екі өрт гидранты пайдаланылып жатыр.

Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

ҰҒОО Орталық Азиядағы МАГАТЭ-нің алғашқы Anchor Centre болады

Тоқаев МАГАТЭ басшысы Гроссимен ядролық қауіпсіздік пен Иран мәселесін талқылады

«Туристер қаржысы халыққа жұмыс істейді»: Almaty SuperSki талқыланды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары аукционда тағы өтпей қалды