Аркадаг тағы да Ютубты жарды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов пен немересі Керим жаңа видос жасап, әлеуметтік желілерді дүр сілкіндірді. Керим Аркадагтың мәңгілік хиты "Каракумға" ремикс жасап, атасына тыңдатқан.

Алматы, NEGE. Дыбыс жазу студиясында президент Бердымухамедов кейбір музыкалық аспаптарда ойнап көрді. Сосын, немересі екеуі арнайы цифрлық құрылғы арқылы өңделген әннің нотасын, жаңа нұсқасын талқылады.

Түркмен рупоры "Алтын асыр" телеарнасының хабарлауынша бұл ән Керимнің өңдеуінен кейін «өзгеше реңке еніп, заманауи үндестікке ие боп» шыға келген.


Игорь Сарухановтың «Қарақұм» әнін 2018 жылы Гурбангулы Бердымухамедов бүкіл түркімен әйелдеріне арнап орындап, алғашқы видеоролигін 17 наурызда жариялаған болатын.

 

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты