Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты сот отырысы өтетін күн белгілі болды
А. Мұхамедиұлы, А. Ш. Нұразхан, А. Қ. Көшенов және А. Т. Сәдуақасова бюджет қаражатын ұрлады деген айып бойынша қылмыстық іс 'Байқоңыр' ауданының №2 сотының өндірісіне алынды, деп хабарлады Zakon.kz.
Алматы, NEGE. "Аталған қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқысы 2023 жылы 17 сәуірде сағат 10.00-ге тағайындалды", делінген Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының хабарламасында.
Сот отырысы ашық өтетіні де нақтыланады.
2022 жылы 29 мамырда Арыстан Мүхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды.
Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдік бойынша қамауға алуға санкция берілді.