14 сентября 2023 г. 18:33

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сотталған бас есепші бостандыққа шықты

Фото:

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сотталған «Exponat» ЖШС-нің бас есепшісі Айым Сәдуақасова бостандыққа шықты. 

Алматы, NEGE. Exponat ЖШС бас бухгалтері Айым Садуақасова 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында және 28-баптың 5-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сәдуақасованың жазасын өтеу мерзімі жеті жылдан бес жылға дейін қысқартылды, оның темір тордың ар жағындағы жазасын өтеген әрбір күні, оның ішінде тергеу кезі бір жарым жылға есептелді. Оны бостандыққа шығару кезінде кішкентай баласының болуы ескерілді.

Тегтер: