5 июля 2023 г. 19:52
Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты екі айға қамауға алынды
Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Мұстахим Төлеев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. "2023 жылы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Төлеевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", делінген елордалық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі 6 сәуірде сотқа келіп түсті. Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында негізгі сот талқысы 17 сәуірде басталды. Сот адвокат Мұхамедиұлының бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады.